Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Қаңтар, 2022

Үйді жалға алу құнының 50% мемлекет төлейді

Тұрғын үйді жалға алу құнының 50 процентін мемлекет, жартысын жалға алушының өзі төлейді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жаңа төлем беру тетігін әзірледі.

Аталған көмекке табысы күнкөріс деңгейінен аз, жергілікті атқарушы органдарда үй кезегінде тұрған азаматтар ие болады. Қазір елімізде мұндай 70 мың жан бар.
Олар: көп балалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде «Отбасы банкін» анықтау ұсынылды.  

Өтініш берушілер үшін мынандай негізгі талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;

3) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;

4) тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.

Айта кету керек, бұл бағдарламаға бюджеттен 50 млрд. теңге қажет болады.

Республикалық бюджетке түсетін жүктемені төмендету мақсатында және жекелеген өңірлер бюджеттерінің тапшылығын ескере отырып, жергілікті бюджеттерден небәрі 10% мөлшерінде қоса қаржыландыру жоспарланып отыр.

Министрлік әзірлеген тетік барлық мүдделі мемлекеттік органдар жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді. Төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері бойынша азаматтар "Отбасы банк"АҚ-ға хабарласа алады.

 

Дереккөз: ҚР ИИДМ

433 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз