Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 27 Қаңтар, 2022

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (57-1-2, 39 KO) арасындағы үшінші жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды. Боксшылар екінші орта салмақта төрт титулды сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Танымал инсайдер Майк Коппинджер ESPN-ге арналған материалында жекпе-жек 2022 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екенін хабарлады. 

«Эдди Хирннің Matchroom Boxing промоушенінен басқа ұсыныс келді. Ол екі жекпе-жек ұсынды. Ұсыныс бойынша Канело 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы титул иегері Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездеседі.

Екінші жекпе-жек - 17 қыркүйекте Альварес пен Головкин арасындағы көптен күткен кездесу. Бұл жолы 168 фунтта Альварестің төрт титулы сарапқа салынады», - деді инсайдер.

Еске салайық, Канело мен Головкин 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Алғашқы кездесуде боксшылар тең түссе, екіншісінде мексикалық жеңіске жеткен еді. 

849 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз