- Qazaq gazetteri TV
- 24 Ақпан, 2022
Алматыда «Премьералар апталығының» тұсауы кесілді

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында екінші рет өткізіліп отырған «Премьералар апталығының» тұсауы кесілді. Ұлттық театр сахнасында 23-26 ақпан аралығында төрт күн бойы бес спектакль (бір кеште екі моноспектакль) өз көрермендерін жағымды жаңалығымен қуантпақ.
Премьера апталығының алғашқы күні – 23 ақпан күні баспасөз конференциясынан бастау алды. Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі – Асанәлі Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Еркін Жуасбек, «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясының қоюшы-режиссері – Аридаш Оспанбаева, «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драмасының қоюшы-режиссері – Алена Қабдешова қатысты.
Айта кететін жайт, ұлттық театр премьера апталығының аясында жағымды жаңалықтарымен бөлісіп, театрдың жаңа логотипі мен сайтының ресми таныстырылымын өткізді. Шара барысында спикерлер БАҚ өкілдерінің көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, жаңа қойылымдардың бүгінгі қоғам үшін маңызы, жанры мен стильдік ерекшеліктері, актерлік құрамы сынды мәселелерді талқылады. Сонымен бірге, қатысушылар алда көрсетілімі болатын премьералар ұлттық театрдың репертуарына табысты спектакль болып енетініне сенім білдірді.
Баспасөз конференциясынан кейін сағат 18.30-да режиссер Аридаш Оспанбаева сахналаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің (сахналық нұсқасын жасаған – Мадина Омарова) «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясы көрерменге ұсынылды.
“Премьералар апталығының” шымылдығын түрген "ҚАН мен ТЕР. АҚБАЛА” спектаклі жоғары деңгейде өтті. Премьераға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев бастаған қонақтар қатарында еліміздің мәдениет және өнер саласының белді өкілдері, театр басшылары, бірнеше өнер ұжымы бой көрсетті.
Спектакль көрсетілімінен соң, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі атынан ықылас гүлі жолданды. Сонымен қатар, театр ұжымын сәтті премьерасымен Алматы қаласының әкімдігі де ықылас гүлімен құттықтады.
Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы
Видеоға түсірген-Алихан Жанарбек

3359 рет
көрсетілді12
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
Zedskq
04 Мамыр, 2022sildenafil for sale online - viagra 25mg for sale sildenafil 100mg
Kxgfuv
09 Мамыр, 2022order generic prednisolone 5mg - order prednisolone online cheap cialis 20mg ca
Hlwdih
11 Мамыр, 2022buy generic clavulanate - order cialis 40mg pill buy tadalafil 20mg pills
Crtotu
14 Мамыр, 2022buy bactrim generic - viagra 100mg generic viagra 50mg for sale
Ooccac
16 Мамыр, 2022buy cephalexin 125mg online cheap - cheap erythromycin 500mg order generic erythromycin 500mg
Xayiah
18 Мамыр, 2022order generic sildenafil - nolvadex price ivermectin 50mg/ml
Zmfdnr
19 Мамыр, 2022rhinocort for sale online - order budesonide for sale order disulfiram 250mg pill
Ykyvah
21 Мамыр, 2022order ceftin without prescription - ceftin 500mg cheap buy tadalafil 40mg pill
Bmcocc
23 Мамыр, 2022ampicillin usa - buy cialis 20mg online purchase cialis online cheap
Wvxhqb
24 Мамыр, 2022order amoxil 500mg online cheap - zithromax 250mg for sale cheap vardenafil 20mg
Giiqjb
26 Мамыр, 2022ivermectin for covid 19 - levitra online buy levitra 10mg price
Zlotsp
27 Мамыр, 2022brand doxycycline 100mg - doxycycline 100mg without prescription buy cialis 20mg generic