Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 09 Наурыз, 2022

Әйгерім Әлжанова: Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ғылымның ілгерілеуі қиын болар еді

Шет елге шығып, көп елді аралау әркімнің арманы. Оған әркім өз жолымен жетеді. Ал білім мен ғылыммен жету жолы бір басқа. «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндігі де сол, ізденімпаз ғалымдарды ынталандырып, өзге елден тәжірибе жинауға, шет тілін еркін меңгеріп, ол елдің мәдениетін, тарихын, ғылым-білімін игеруге ықпал етеді. Біздің кейіпкеріміз ҚазҰУ-лық ғалым, журналистика факультеті деканның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, филол.ғ.к. Әйгерім Болатханқызы Әлжанова осы бағдарламамен үлкен ғылыми мүмкіндіктерді жүзеге асырған.

Үш жыл күткен - «Болашақ»...

2009 жылы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» педагог қызметкерлер үшін тағылымдама бағдарламасын іске қосады. Жаңалықты оқыған Әйгерім Болатханқызы өзін  стипендиаттар қатарында елестеді. Бірақ үміткерлерге қойылатын ережелер мен талаптарды мұқият танысып шыққан соң, ол мұның тым мүмкін емес арманы сияқты көрінді. Өйткені кейіпкерімізде үш жылдық педагогикалық жұмыс тәжірибесі болмаған. Ол осы басты талапты орындау үшін барынша тырысады.  

Әйгерім Болатханқызы 2005 жылдан бастап Қазақстан Баспасөз клубында қызмет атқарған.  2008 жылы қараша айында кандидаттық диссертациясын қорғап, 2009 жылдың наурызында  кандидаттық дипломын иеленеді. Осы жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 0,25 жүктемесімен оқытушылық қызмет атқаруды ұйғарады. Ол сонымен қатар, Қазақстан Баспасөз клубындағы қызметін де қатар атқарады. 2010 жылы Журналистика факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы ұсынылады.  Ал 2011 жылы үш кафедраны ірілендіру нәтижесінде Баспасөз және электрондық БАҚ кафедрасы құрылып, онда кафедра меңгерушінің орынбасары қызметін атқарады. 2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы тағылымдамасына қойылатын қажетті үш жыл өткеннен кейін «Болашаққа» құжаттарын өткізеді. Бұл оңай жұмыс емес еді. Бірақ барлық қажетті құжаттарды жинап, барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, көптен күткен стипендияға ие болады. Бұл Әйгерім Әлжанованың «Болашақ» бағдарламасындағы жарқын болашағының бастауы еді.

Бұйрыған кетпес: АҚШ-тағы «Болашақ»

Тағылымдама – әрқашан үлкен әсерге толы қызықты жұмыс. Ал «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өту көптеген есік ашады. Әйгерім Әлжанова әлемдік университтер арасынан Лондон экономика мектебі, Париж Сорбонна университеті және Колумбия университетін қарастырып көреді. Соңында Нью-Йорктегі Колумбия университетін (АҚШ) таңдауға шешім қабылдайы. Сол таңдауының арқасында 2012 жылдың қазанынан 2013 жылдың қазанына дейінгі кезеңде Колумбия университетінің Гарриман институтында ғылыми тағылымдамадан сәтті өтіп, отанына оралады.

«Болашақ» шәкіртақысы шеңберінде Колумбия университетінде көптеген курстар, воркшоптар, семинарлар мен сабақтар өтеді. Әлемнің түрлі елігің медиа және коммуникация саласындағы кәсіпқойларымен танысып, музейлерде, галереялар мен саябақтарда ұмытылмас уақыт бұйырады. Бағдарлама қазақстандықтарға ғылыми жұмыс жүргізу және кәсіби шеберлікті арттыру үшін әлемнің үздік университеттеріне баруға мүмкіндік береді. Бұл кәсіби даму үшін жақсы мүмкіндіктер жасайды және әрбір қатысушының жеке мүдделерін ескеріледі. 1993 жылдан бастап «Болашақ» жастарға, ғалымдарға жаңа әлем ашуға, кәсіби байланыстар орнатуға, жаңа жағдайларға оңай бейімделуге мүмкіндік береді.

АҚШ ғалымының оң пікірі

˗ Мен Әйгеріммен 2012 жылдың күзінде Қазақстаннан шақырылған ғалым ретінде келген кезден таныстым. Мен Әйгерімді және оның зерттеу қызығушылықтарын жақсы білдім. Ол біздің институттың әртүрлі әңгімелеріне, панельдеріне және пікірталастарына белсенді қатысты, сонымен қатар Колумбия университетінің Журналистика мектебінің қызметтерін пайдаланды. Онда ол өз зерттеулерін оқытушылармен бірге талқылап, баяндамалар мен басқа да бағдарламаларға қатысты. Біздің кейбір ғалымдарымыз жергілікті қоғамдастықтың артықшылығын пайдаланбай, бөлек тұрады, ал Әйгерім басқа шақырылған ғалымдармен, студенттермен және оқытушылармен өзара байланысуды қолдады. Ол мейірімді және ақкөңіл адам. Бұл батыстан өте алыста жатқан елдің жас профессоры үшін үлкен ерлік қадамдары. Әйгерім Қазақстандағы ғалымдардың жаңа буынын таныстырды және өз елінен тыс жерлердегі ғалымдармен ынтымақтасуға дайын. Ол өз елінің барлық ұмылысы мен жарқын сәттерін баяндап, Қазақстанды барынша таныстыра білді»,˗дейді Әйгерім Әлжанованың АҚШ-тағы ғылыми кеңесшісі, Колумбия университетінің саясаттану кафедрасының оқытушысы және Гарриман институтының жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламасының директоры  Элиза Джулиано.

Тағылымдама табысы

Әйгерім Болатханқызы қазақ тақырыбындағы Батыс публицистері мен журналистерінің XIX  ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы шығармашылығын зерттеген. Бұл оның кандидаттық диссертация тақырыбының жалғасы. Сапардан елге келгеннен кейін «Foreign publicists about Kazakhs» атты ағылшын тіліндегі оқу құралын жариялайды. Рецензенттердың бірі америкалық ғалым Элиза Джулиано болатын.   

Батыста БАҚ ережесі қатаң сақталады

˗Батыс БАҚ-дағы ең негізгі талап-фактчекинг. Оны аттап, ақпарат та, мақала да жаза алмайсыз. Барлық деректің мәні тиісті құжаттармен, жазбалармен дәлелденіп барып жарияланады. Батыс журналистикасында Nutgraph дамыған. Ол оқырманға мәтінді әрі қарай не үшін оқу керектігін түсіндіретін, егжей-тегжейлі мәтін. Біздің елімізде бір сайттан, екінші сайттың гиперсілтемесіз көшірілуін өте жиі байқаймыз. Бастыста жалпыға бірдей қабылданған халықаралық ережелерден асып кете алмайсыз. Сондықтан, олардың журналистикасында ілгерілеу жылдам жүреді,-дейді Әйгерім Болатханқызы.

Журналистика – пәнаралық ғылым

Бүгінде «Журналистика ғылым ба, әлде ғылым емес пе?»,˗деген сұрақтар жиі туындап жүр. Осы сұрақты Әйгерім Болатханқызынан сұрап білудің де реті түсті. Оның айтуынша: «Бұқаралық ақпарат құралдарынсыз ғылымның ілгерілеуі қиын болар еді. Өйткені олар жетістіктер мен тәжірибелерді бүгінгі өмірімізге, сонымен қатар болашақ ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді. Ғылым мен БАҚ арасындағы тарихи қарым-қатынастарды талдамай, өркениет дамыған сайын БАҚ-тың өзара іс-қимылының ауқымы ұлғайып, сол арқылы БАҚ-тың ғылымды дамыту мен ілгерілетуге ықпалын өзгерткеніне назар аударғым келеді.

Журналистика – бұл ғылым, пәнаралық ғылым. Журналистиканы ғылым ретінде зерттеуге деген көзқарас шығармашылық, мәдени, тарихи, әлеуметтанулық және басқа пәндердің өзара байланысты жүйесіне негізделген. Журналистика саласындағы зерттеу процесі ұзақ және күрделі процесс, ол әлі аяқталған жоқ. Зерттеушілер жыл сайын журналистиканың жаңа теориялық және практикалық аспектілерін көбірек қамтиды. Әрине, бүкіл теорияның негізін құрайтын кешенді зерттеулер бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Журналистиканың ғылым ретінде басқа тәсілі басым болғанымен, алдыңғы тәжірибеге сүйенбестен, бір-бірімен байланысты емес көптеген түрлі тақырыптар әзірленуде.

Қазір журналистика саласындағы зерттеулердің эволюциясы жүріп жатыр. Олар журналистік бизнес және жаңа технологиялар, журналистика үшін платформаларды, алгоритмдер мен қосымшаларды жобалау және құру немесе журналистикаға қатысты информатика саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер, сонымен қатар визуализация саласында қызықты зерттеулер бар»,˗деп пайымдайды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

1695 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз