Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 14 Наурыз, 2022

“Қайда жүрсең де, пайдаң тисін!”

Forbes журналы әлемдегі ең мықты аналарды атады. Бұрын саясатта, бизнесте жетістікке жеткен аналар алдыңғы қатарда еді. Енді ғылым мен жаңа технологияны дамытқан аяулы жандар көш басында. «Білімді мыңды жығады» деген осы емес пе?!

Аты-жөні «100 жаңа есім» қатарына енген Гүлмира Әбдрашеваны көпшілік жақсы таниды. Ол «Клуб добряков» еріктілер қозғалысын ашқан. Клуб Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай, Ақтөбе қалаларында бар. Гүлмира әлеуметтік желіде белсенді. Осыны пайдаланып, Инстаграмда көмекке мұқтаж адамдарға арнайы топ құрады. «Қайда жүрсең де, пайдаң тисін!» деген ұраны бар. 

Науқасқа қан тапсыру керек болса, клуб қажетті адамды оңай тауып береді. Бірде клуб поштасына жалғызбасты ана хат жазады. Бір баласымен ауруханада жатыр екен. Екінші баласын мектепке апаратын адам жоқ екенін айта келіп, көмек сұрап жазады. Ананың өтініші бойынша клубтың екі қызметкері әлгі балақайды мектепке апарып, сабағын оқытады. Еліміздің әр өңірінде ашылған клубтың осындай тарихы бар. «Адамдар бізде бәрі күшті деп ойлайды. Өмірде қуаныш та, қиындық та қатар жүреді. Алдыңа мақсат қойсаң, оны орында. Ол үшін жүрегіңде ешбір дауыл өшіре алмайтындай от болуы керек. Сонда ғана өсесің», – дейді Гүлмира. 

Қайырымды ана көпбалалы отбасылар, қиын жағдайда қалған адамдар мен иесі жоқ жануарларға қамқорлық көрсетеді. Клубтың арқасында жүзге жуық адам жұмысқа орналасыпты. Гүлмира әлеуметтік желіде жануарларды қорғауға арналған шараны жиі өткізеді. «Біз жануар-ларға тым биіктен қараймыз. Олар да адам секілді ауырады, жанына батады. Өтініш, қараусыз жүрген ит пен мысық көрсеңіз, мал дәрігеріне апарыңыз. Оқиғаңызды #4лапыКЗ хэштегін қойыңыз. Міндетті түрде оқып, сыйлық ұсынамын», – деп жазыпты.

4116 рет

көрсетілді

484

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз