Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 15 Сәуір, 2022

Леммерс қызғалдағын жерсіндіру жұмыстарынан нәтиже қандай?

Алматыдағы Бас Ботаникалық бақтың Альпинарий экспозициясында  Қазақстанның Қызыл кітабына енген Леммерс қызғалдағы гүлдеді.

Ботаникалыққа баққа Леммерс қызғалдағы Түркістан облысы, Қаратау тауының теңіз деңгейінен 750 м. биіктіктегі Машат үстіртінен 2017 жылы әкелінген.  Сол жылы баққа не бәрі 8 пиязшығы жеткізілген болса, қазір олардың саны вегетативті көбею есебінен 38-ге өскен. Бұл туралы бізге  Бас Ботаникалық бақтың Ашық жердегі гүлді-сәндік өсімдіктерді интродукциялау зертханасының кураторы, аға ғылыми қызметкер Отрадных Ирина Геннадьевна әңгімелеп берді. Оның айтуынша, Альпинарийде алдағы апта басқа қызғалдақтардың гүлдеуі күтілуде. Олардың жерсіндірілуіне ботаникалық бақтағы ғалымдар мен қызметкерлердің үздіксіз зерттеу еңбегі зор.

Еске сала кетейік, Леммерс қызғалдағы өте сирек кездесетін эндемик түр. Ол Батыс Тянь-Шаньның тасты тау етегінде, Машат шатқалы мен үстіртінде өседі.

Досжан Балабекұлы

2101 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз