Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 17 Сәуір, 2022

Алматы қызғалдақтай құлпырып тұр

Қазір әсем қаламызда гүлдеп жатқан қызғалдақтың мәдени сорттарының түп негізі - бір кездері қазақ даласынан алынған жабайы қызғалдақтардан басталады. Өкінішке орай, дархан даламызда, асқар тауларымызда өсетін табиғи түрлер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр. Олар Қазақстанның қызыл кітабына енген. Сондықтан, қызғалдақтарымыз ерекше қорғауды талап етеді.

Алматы әкімдігі мен қалалықтар қорғауды қажет қызғалдақтарға құрметпен қарайды. Осыған орай жуырда қазақ даласының жауһары, гүлдің патшасы саналатын қызғалдақты дәріптеуге арналған «Қызғалдақтар» фестивалі өтпек. Шараның мақсаты – қала тұрғындарын қоршаған ортаны аялауға, қорғауға шақыру. Бұл Алматылықтарды сұлулыққа, табиғат анаға қамқор болуға үндейді. 

Фестивалден бөлек, Алматыда қаланың ішкі ландшафтын көркемдеуге арналған мәдени қызғалдақтар бүгінде қаулап өсіп, көшелерді, жол бойын, ғимараттар алдын ерекше құлпыртып жібергендей. Тіпті шаһар басшының өзі жасыл-желектердің көбеюіне, аулалардың гүлденуіне нақты тапсырма берген.

Қала ішін аралап жүрсең, гүлдерге көзің тоймайды. Қаланың қай бұрышына барсаңыз да, алдыңыздан сан алуан түсті қызғалдақтар көзге түседі.  Бір аптадан аса ғана гүлдейтін сұлулықты қалт жібермеңіздер, достар!

Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы

3695 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз