Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 22 Сәуір, 2022

Биыл ірі және орта кәсіпорындарға 11 мыңнан астам маман қажет - агенттік

Ірі және орта кәсіпорындарды зерттеу нәтижелері бойынша 2022 жылы 11 396 қызметкерге қажеттілік болады деп күтілуде. Бұл туралы Ұлттық статистика агенттігі мәлімет таратты. 

Кәсіпорындардың ең үлкен қажеттілігі келесі салаларда болады деп күтілуде:

«кәсіби мамандардар» – 2 317 адам,

«қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлері» – 1 984 адам және «өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары» - 1 858 адам.

Сұранысы ең аз – «Басшылар және мемлекеттік қызметшілер» – 268 адам.

Едәуір көп кадр тапшылығы Өнеркәсіпте (2 697 адам), көтерме және бөлшек саудасында; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (1 705 адам), көлік және жинақтау саласында (1 163 адам), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте (1 054 адам); денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында (929 адам) белгіленді. Көрсетілген экономикалық қызмет түрлерінің қызметкерлер бойынша күтілетін қажеттілік үлесі 66,2% құрады.

Өңірлер бойынша қызметкерлерге қажеттіліктің басым көпшілігі Алматы қаласында – 4 776 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 975 адам және Алматы облысында – 621 адам. Алматы қаласындағы кадр тапшылығы көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында (1 137 адам) және өнеркәсіпте (925 адам); Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы (633 адам) мен ақпарат және байланыс саласында (527 адам), Алматы облысы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы (271 адам) мен өнеркәсіпте (168 адам).

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зерттелген кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарының саны – 46 170 бірлікті құрады (немесе зерттелген кәсіпорындар қызметкерлерінің тізімдік санынан 1,9%).

Бос орындардың көпшілігі «өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа тектес қызметтердің жұмысшылары»– 10 590 бірлік (бос жұмыс орындарының жалпы санының 22,9%), «кәсіби мамандар» – 10 128 бірлік (бос жұмыс орындарының жалпы санының 21,9%) кәсіпкерлік тобына жатады. «Өндірістік жабдық, операторлары, құрастырушылары және жүргізушілер» кәсіптік топ бойынша бос орындар саны – 7 618 бірлікті, «қызмет көрсету және сауда саласының жұмыскерлері» – 5 533 бірлікті құрады.

 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша бос жұмыс орындары мен қызметкерлерге күтілетін қажеттілік

 

 

 

Есепті кезеңнің басына бос жұмыс орындар саны, бірлік

Есепті кезеңге қызметкерлердегі күтілетін қажеттілік, адам

Барлығы

 46 170

 11 396

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

   516

905

Өнеркәсіп

 17 754

2 697

Құрылыс

1 543

 880

Көтерме және бөлшек саудада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

 2 832

  1 705

Көлік және жинақтау

 7 017

  1 163

Тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету

 629

 475

Ақпарат және байланыс

 1 733

624

Жылжымайтын мүлікпен операциялар

  527

 240

Кәсібі, ғылыми және техникалық қызмет

  1 108

  134

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

 4 248

 1 054

Білім беру

1 794

  479

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету

  5 288

 929

Өнер, ойын-сауық және демалыс

 1 181

  111

 

 

1229 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз