Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Сәуір, 2022

Бүгін - Жер күні. Топырағымызды таза ұстайық

Артыңа қоқыс тастамау. Бір реттік бөтелкедегі суды сатып алмай, өз ыдысыңа құйып алып шығу. Целлофан пакеттерді бір рет пайдаланып, тастай салмау. Дүкенге өз пакет, шопперіңді алып шығу. Пластикті тастамай, арнайы жерлерге өткізу. Артық нәрсе алмау. Суды, жарықты ысырап жасамау. Дүкенде пластиктегі тауарды мүмкіндігінше алмау. 

Бір адамның өзі-ақ осыларды істесе, көп дүние тындыра алады. Балаларыңыз, айналаңыз сізден көргенін істейді. Олар жанындағы адамға үлгі болады. Ол тағы біреуге… Тізбек осылай кете береді. Жанымдағы адамдардан байқаймын, рас айтам. Көз қылып болса да ұялады, тырысады. Сұрап, ниеттеніп жүрген достарым көп. Мақтануға болатын нәрсе. Осылайша бір күні табиғатын аялайтын өркениетті қоғамға айналамыз.

Бүгін - Жер күні. Жер-Ана деп қадірлейтін қазақтың ұл-қызымыз ғой, топырағымызды таза ұстайық, ластамайық. Топырақ үшін трагедияға айналған пластикті азайтайық, қоқысты сұрыптап өткізейік. 

Макулатура, әйнек бөтелке, пластиктің кейбір маркировкасын Kazakhstan Waste Recycling қабылдайды. Пластикті осы жерге, сосын Алматыдағы Зета дүкеніне барып өткізіп жүрміз.Пластик таза болу керек. Адресі Райымбек көшесі 225 , дүкеннің ішіне кірмейсіз, арт жағындағы контейнерлерге тастап кетесіз. Жұмыста болсаңыз, түнде де баруға болады.

Ендігі жұмыс - дәрі-дәрмек пен таусылған батарея, ескі техниканы өткізетін сенімді нүктелер табу. Білетін кісілер болса, жаза кетсеңіздер. 
 

Аягүл Рамазанқызының Facebook парақшасынан

 

Фото ашық дереккөзден алынды 

1728 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз