Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Сәуір, 2022

Әйелдер неліктен ұзақ өмір сүреді?

Анам мен әкем теледидар көріп отырған-ды. Бір кезде анам:
– Бүгін қатты шаршаппын, кеттім, ұйықтайын, уақыт та біраз болыпты ғой, – деді.
Жолай асүйге кіре кетіп, фасольді суға жібітіп қойды, тоңазытқыштан ет шығарды, ертеңге. Таңғы асқа мюсли жете ме, жетпей ме, соны қарады, конфеткаға қант септі. Сулы шүберектерді жіпке ілді де, түймесі түсіп қалған киімнің түймесін қадауға отырды. Бөлмеде шашылып қалған ойыншықтарды жинап алды, ұялы телефонды қуат көзіне қосты, гүлдерге су құйды, мусор шелектің целлофан пакетін ауыстырды, жиырылып қалған сүлгіні жолай жөндей кетті. Терең тыныс алды да, жатын бөлмені бетке алды. Кенет мұғалімге хабарлама жазу керектігі есіне түсе кетіп, бір сәт аялдады, сосын баланың ертең экскурсияға баратын жолына ақша шығарды. Қолына кітап іле кетті. Сосын беті-қолын жуып, тісін тазалап, бетіне крем жақты.
– Сен ұйықтауға кетпеп пе едің? – деп айқайлады зал жақтан әкем.
– Иә, иә, міне, кетіп барам, – деген анам иттің итаяғына су құйды. Үйдің сыртқы есігін кілттеді де, дәліздің жарығын өшірді. Балалардың бөлмесіне бас сұқты, қосулы қалған теледидар мен жарықты өшіріп, кішкентайлардың аяқ астында жатқан жейде, шұлықтарын жинап алып, кір киімдер кәрзеңкесіне апарып салды. Әлі де сабақ қарап отырған тұңғышымен тілдесті. Жатын бөлмеге жеткенше сағатты қойды ертеңге, ауызғы бөлмедегі аяқ киімдерді ретке келтіре салды, ертең шұғыл атқарылуы тиіс шаруалар тізімі жазылған тілдей қағазға тағы үшеуін қосты. Осы кезде әкем теледидарды өшіріп:
– Мен кеттім ұйықтауға, – деді. Шынымен де әкем жатын бөлмесіне кіріп кетті.

Негізі, бұл жерде таңғаларлық ештеңе жоқ. Бірақ әйелдер неліктен ұзағырақ өмір сүреді? Себебі, олар уақыттан бұрын кете алмайды: жұмысы тым көп... 


©️ Аударған Нұржамал ӘЛІШЕВА.

1703 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз