Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 24 Сәуір, 2022

Грейг қызғалдағының мәдени сорты

Алматыдағы Бас Ботаникалық бақта Грейг қызғалдағының мәдени сорты гүлдеді. Ірі қызыл гүлдері бар, жапырақтары теңбілгүлді Ашық жердегі гүлді-сәндік өсімдіктерді интродукциялау зертханасының кураторы, аға ғылыми қызметкер Отрадных Ирина Геннадьевна таныстырды.

Қазақстан қызғалдағы елордаға 2014 жылы Қазақстанның Тұңғыш президентіне қызғалдақтарды (Нидерланды) таңдайтын компания ұсынғаннан кейін Астанадан ботаникалық баққа әкелінеді. 2019 жылдан бастап Бас Ботаникалық бақтың "дала" экспозициясында өсіріледі. 

Қазіргі уақытта қызғалдақтардың гүлдеу маусымы аяқталып келеді. Дегенмен, әлі де бақ ішінен көріп қалуға болады. Бір ерекшелігі бұл жерден қызғалдақтардың табиғи түрін де, мәдени сортын да көруге болады. 

Еске салайық,  Грейг қызғалдағының ғылымға тек 1868 жылы ғана белгілі болғанын, ал 1877 жылы ол Голландияда бірінші дәрежелі сорт дипломын алды. Осы уақытқа дейін осы түрдің қатысуымен табиғи сұрыптау және будандастыру әдістері арқылы қызғалдақтың 300-ге жуық мәдени сорты алынды.

Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы

4009 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз