Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 27 Сәуір, 2022

Былтыр кедейліктің ең жоғары деңгейі Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркелді

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі 2021 жылы 5,2% құрады, деп хабарлайды kazgazeta.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында тіркелді.

2021 жылы өңірлер бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін

халықтың үлесі

пайызбен

Қала және ауыл тұрғындары табысының едәуір саралануы сақталған. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%. 2021 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.

2021 жылы өңірлер бойынша қалалық және ауылдық жерлердегі ең төменгі күнкөріс

деңгейінің шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі

пайызбен

 

«Кедейлік деңгейі – ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар (тұтынуға пайдаланылған)  халық санының халықтың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы. ҚР бойынша 2021 жылы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте әрбір өңірдің өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейі есептеледі», - деп толықтырды ҚР СЖРА  Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

2501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз