- Инфографика
- 28 Сәуір, 2022
Елімізде 2020 жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған
2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткішінің төмендеуі байқалды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну
(халықтың орташа жан басына шаққанда) кг
Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне 6,3%, нан және жарма өнімдеріне 4,7%, ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеген.
2021 жылы бір айда орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,9 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,8 кг, сиыр еті – 2кг, алма - 1,6 кг, күріш, құмшекер – 1,3 кг, шикі сүт, айран – 1,3 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг.
Қала және ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну көрсеткішін салыстырғанда ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтыну бойынша байқалады.
Қалалық және ауылдық жерлерде азық-түлік өнімдерін тұтынуы
(халықтың орташа жан басына шаққанда) есе
Ең аз және ең көп тұтынылатын тамақ өнімдерінің негізгі топтарын жан басына шаққандағы тұтынудың аймақтық аспектісін ескере отырып, келесі жетекші аймақтарды атап өтуге болады:
Азық-түлік өнімдерінің топтары |
ең аз тұтынған өңірлер |
ең көп тұтынған өңірлер |
нан және жарма өнімдері |
Маңғыстау (98,5 кг) |
Түркістан (172,4 кг) |
ет және ет өнімдері |
Шымкент қ. (52,6 кг) |
Алматы обл.(97 кг) |
балық және теңіз өнімдері |
Шымкент қ. (4,6 кг) |
Солтүстік Қазақстан (22,2 кг) |
сүт және сүт өнімдері |
Шымкент қ. (140,1 кг) |
Батыс Қазақстан (294,9 кг) |
жұмыртқа (дана) |
Маңғыстау (127 дана) |
Қостанай (260 дана) |
май және тоңмай |
Нұр-Сұлтан қ. (11,7 кг) |
Батыс Қазақстан (21 кг) |
жемістер |
Шымкент қ (56,1 кг) |
Маңғыстау (98,5 кг) |
көкөністер |
Солтүстік Қазақстан (59,9 кг) |
Түркістан (102,2 кг) |
картоп |
Шымкент қ. (38,2 кг) |
Батыс Қазақстан (58 кг) |
қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер |
Шымкент қ. (29,6 кг) |
Қарағанды (51,9 кг) |
Азық-түлік өнімдерін тұтыну бойынша деректер тұрмыс деңгейі бойынша 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелері бойынша есептелген.
Орташа жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну – қарастырылып отырған кезең ішінде үй шаруашылығының бір мүшесінің тұтынған тамақ өнімдерінің (әрбір өнімнің түрі бойынша бөлек) орташа саны. Ол азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін тұтыну көлемін үй шаруашылығының бар мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі. Ірілендірілген топтар бойынша тұтыну компоненттерді бастапқы өнімге қайта санауды ескере отырып есептеледі.
www.stat.gov.kz
фото ашық дереккөзден
1928 рет
көрсетілді0
пікір