Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 01 Мамыр, 2022

ЖАҚСЫ СӨЗ - ЖАННЫҢ ТЫНЫСЫ

 
Өзіңе де, өзгеге де саулық тілесеңіз, 
жақсы сөз сөйлеңіз.

* Әрқашан жақсы ой ойлап, жақсы сөз айтыңыз. Жақсылыққа қадам - жақсы ой мен жақсы сөзден басталады.

* Жақсы сөз - жүректі ағартса, жаман сөз жүректі қарайтады. Қарайған жүрек қатыгез бола бастайды.

*Жақсы сөз - айналаны жарық етеді.
Дүниенің нұрлы, жарық болуын қаласаң, 
жақсы сөзді көбірек айт.

* Жаман сөз жанға тікен болып қадалады.
Оны ешқашан жұлып 
тастай алмайсың...

* Жақсы сөз - достыққа жол ашады.
Жаман сөз - дос көңілін қалдырады.

*  Іші тар адамнан жақсы сөз шықпайды. Қызғаншақ адам -жаман сөзге құштар.

*Жылы сөзбен жыланды да  інінен шығара аласың. Жылы сөзге елтіген жыланның  уынан қорықпа.

* Сыйласқың келсе, жылы сөз айт. 
Жаман сөз - сыйластықтың қас жауы. 

* Жаман сөзді көп айтатын адамды қырсық жиі айналдырады.Сөзге абай болыңыз.

* Жақсы сөз көңілді гүл етеді,
жаман сөз жүректі жүдетеді.

* Жақсы сөз айтсаң жүрек қуанады.
 Жүрек қуанса жүз нұрланады.

* Жаман сөз - жүректі жаралайды.
Жаралы жүректің емі - жылы сөз.

*Жамандықты таратуға асықпа! 
Жаман сөз жұт шақырады.

* Жанды семірткің келсе, жақсы сөз айтыңыз. Жан жүдесе ,жылы сөз де азық.

* Құт - жаны таза, 
 жақсы сөз айтатын адамға қонады.
 Құтсыз адамның - Құдаймен ісі болмайды.

*Жылан мінезді адамнан жылы сөз күтпе. Оның  айыр тілі ешкімді аямайды.

 *Жақсы сөзді сүймейтін адамның құлағы саңырау,көңілі соқыр.

*Өсекшінің тілі қышыса, жаман сөз іздейді. Өсекшінің сөзі өрттен де қауіпті.

* Жақсы сөз сананы тазартады. Санада өзгеріс болмай, жақсы өмір болмайды.

*Жақсы сөзді көп  айтайық! Жүрегімізден, тілімізден тек жақсы сөздер шықсын! Иман  байлығының  кілті - ізгі жүректе, жақсы ой мен жақсы сөзде.

       
Фатима ЗАБУРАҚЫЗЫ.

4632 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз