Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 02 Мамыр, 2022

Есте сақтайтын 30 қағида 

1. Өзіңді қуантатын ұсақ-түйектен ақша аяма. 
2. Біреу ұнаса – жасырмай өзіне айт. 
3. Дәл бүгін лайықты өмір сүр, өйткені өткенің оралмайды, ал ертеңге жете алмай қалуың мүмкін. 
4. Түсініксіз болса – сұра. 
5. Кездескің келсе – шақыр. 
6. Бірдеме қажет болса – өтін. 
7. Ешқашан дауласпа. 
8. Жұрт сені түсінсің десең – түсіндір. 
9. Егер кінәлі болсаң –дереу кешірім сұра, ақталудың жолын іздеме. 
10. Әрдайым есіңде тұт, әркімнің өз шындығы бар, олардың шындығы сенікімен үйлесе бермейді. 
11. Ақымақтармен араласпа. 
12. Өмірдегі ең бастысы – махаббат, қалғаны – қу тіршілік. Отбасыңмен тату бол. 
13. Адамның проблемасы тек оның басының ішінде. 
14. Қоршаған ортада жауыздық та, ізгілік те жоқ, ол үшін сен өмірде барсың ба, жоқсың ба бәрібір. 
15. Әр оқиғадан өзіңе ләззат таба біл. 
16. Әрқашан есіңде болсын, енді сенің басқа өмірің болмайды. 
17. Үнемі қамығып, мұңая берме. 
18. Теледидарды көп қарама, өмірге теледидар кейіпкерлерінің көзімен қарап кетесің. 
19. Мүмкіндігінше ешкімнен қарыз алма, қарыз алсаң – дереу қай­тар. 
20. Есіңде болсын, ешкім саған қарыз емес. 
21. Саясатпен айналыспа, саясат адамдарды ашындырады. 
22. Өмірде Абай айтқандай тек өзіңе ғана сен. 
23. Біреулердің уәдесіне сенбе, өзіңнің ішкі көңіл көзіңе сен. 
24. Әйелдерге балаларға қарағандай, төзіммен әрі жеңілдікпен қа­ра. 
25. Әйелдерді құрметте әрі ая, өйткені олардың өмірі тым күрделі. 
26. Егер көңіл күйің пәс болса, өлген кезіңде ол да болмайтынын ой­лан. 
27. Дәл бүгінгі күнді өміріңдегі ең тамаша күн сана. 
28. Есіңде болсын, әділдікке ұмтылғаннан гөрі ізгілікке ұмтылған жақсы. 
29. Қандай күйде болса да ата-анаңды ұмытпа. Жақсы сөйле. Оларға қызмет ет. 
30. Алладан басқа мәңгілік досың жоқ екендігін есіңде ұста!

 
(с) Айгүл Керімбаеваның парақшасынан

2112 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз