Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Мамыр, 2022

Үкімет басшысы жаңа жылу беру маусымы бойынша тапсырма берді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов облыс әкімдеріне жаңа құрылыстарды қажетті инженерлік инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы өткен жылыту кезеңі штаттық режимде өтті. Дегенмен маусым аяқтала бере Петропавлдағы жылу орталығында төтенше жағдай орын алды. Осыған байланысты мына мәселелерді атап өткім келеді.

Бірінші. Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері жылу беру маусымы басталмай тұрып, энергетикалық нысандарды толық тексеріп, жылу орталықтарының дайындығы туралы Үкіметке баяндауы тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол облыс әкімдіктеріне алдағы жылу беру маусымына дайындық сапасын арттырып, тексеру барысында анықталған ескертулер мен кемшіліктерді жоюды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері жаңа құрылыстарды іске қосу үшін оларды коммуналдық және инженерлік инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз етуге назар аударсын.

Осыған байланысты әкімдіктер жыл соңына дейін бас жоспарлармен үйлестіре отырып, жылу және электрмен жабдықтау схемаларын жаңарту қажет.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтері үшін дебиторлық берешегін азайту және энергия өндіруші ұйымдардың отын жеткізушілер алдындағы берешегін өтеу жөнінде шаралар қабылдау қажет», - деді Премьер-Министр.

Бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алдағы 4 жылда ауылдардағы инфрақұрылымға 670 млрд теңге бөлінетінін мәлім еткен еді.

 

415 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз