Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Мамыр, 2022

Көмір бағасының негізсіз өсуін болдырмауды қазірден ойластыру керек – Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында көмір бағасының негізсіз өсіміне жол бермеу мәселесінде халыққа түсіндіру жұмыстарының өзекті екенін еске салды.

«Былтыр қыркүйек айында Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында күннің ерте суытуына байланысты, көмір сатып алуға үлкен кезектер пайда болғанын көрдік. Алыпсатарлар осы жағдайды пайдаланып, көмір бағасын күрт көтеріп жіберді. Бұл халық арасында наразылық тудырды. Индустрия министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, тұрғындарды және жылу электр орталықтары мен қазандықтарды қажетті көлемдегі көмірмен алдын ала қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырсын», - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол жергілікті жерлерде халыққа көмір сату мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын уақтылы жүргізуді тапсырды.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы электр станцияларына көмір жеткізуге басымдық бере отырып, оларды қажетті вагондармен қамтамасыз етсін. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әкімдіктермен бірлесіп, көмір бағасын ерекше бақылауға алып, әсіресе тұрғындар үшін көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауы қажет. Жалпы Энергетика және Индустрия министрліктеріне нысандарды алдағы жылыту маусымына дайындау барысына қатаң мониторинг жүргізуді тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, өткен айда Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары және тас көмірді бақылайтын пилоттық жобаны іске қосқанын хабарлағна еді.

 

569 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз