Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Мамыр, 2022

Биыл Қазақстан мен ЕАЭО арасындағы тауар айналымы 5 693,6 млн долларды құрады

Осы жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен тауар айналымы $5 693,6 млн құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың бірінші тоқсанында тауар экспорты $1 743,8 млн (9,3%–ға артық), импорт - $3 949,8 млн (11,8%-ға артық) деңгейінде қалыптасты. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей үлкен үлеске ие – 93,3%, одан кейін Қырғызстан – 3,6%, Беларусь – 3% және Армения – 0,1%.

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ЕАЭО елдерімен экспорттың ең көп өсімі химия өнімдері және онымен байланысты өнеркәсіп салалары бойынша, оның ішінде жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша – үш есе өскені байқалады. Импорт бойынша мал және өсімдік өнімдері, дайын азық–түлік тауарлары, оның ішінде бидай мен зәйтүн бойынша (4,3 есе) көп өсім болған.

132 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *