Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Мамыр, 2022

Әлем чемпионы Стамбулдағы ӘЧ-2022 жеңісінен кейін пікір білдірді

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Дина Жоламан Стамбулдағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз 54 келіге дейінгілер арасында испаниялық Мария Мадуэно Кондемен қолғап түйістіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

"Бірінші жекпе-жектен бастап рингте кімнің қожайын екенін көрсетуің керек. Өзіңді сенімді ұстау керексің. Алғашқы айқасымда жақсы демала алдым. Бізді бапкерлеріміз жоғары деңгейде жаттықтырды. Енді келесі қарсыласыма дайындаламын", - дейді Жоламан Қазақстан бокс федерациясына берген сұхбатында.

Еске салайық, Дина Жоламан 2016 жылы бокстан әлем чемпионы атанды.   

469 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз