Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Мамыр, 2022

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді

Жәнібек Әлімханұлы мен британдық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Жәнібек Әлімханұлы командасы жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететіні туралы видео-анонс жариялады. Трансляция жексенбі, 22 мамыр, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 08:00-де басталады.

Жекпе-жек Лас-Вегаста WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Бұл екі боксшының да әлем чемпионы атағы үшін алғашқы айқасы болмақ.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін былтыр қараша айында өткізген – ол француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

144 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *