Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Мамыр, 2022

Цифрлық даму министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Ерхан Таткен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ерхан Таткен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының Павлодар облыстық филиалында редактор-жүргізуші қызметінен бастаған.

Одан кейін «Хабар» агенттігінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар, ҚР Қоғамдық даму министрліктерінде жұмыс істеді. Ал 2020 жылдан 2022 жылдың ақпанына дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде баспасөз хатшы болып қызмет атқарды.


 

408 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз