Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 16 Мамыр, 2022

«Қазақы стиль жоқ»

Оқу бағдарламасына «Графикалық қозғалыс және дизайн» сабағы қосылғалы 3D анима-цияға қызыға бастадым. Кейде апта бойы 3D кейіпкерлерін компьютерлік бағдарламамен жасаймыз. Бір апталық жұмыстың нәтижесінде екі-үш минуттық мультфильм шығады. Balapan телеарнасында көрсетілген бірнеше мультхикаяның сценарий авторы, 3D аниматор Нұрсәуле Толқын анимацияның мүмкіндігі шексіз екенін айтады. Расында да солай. Кейіпкерімізбен отандық анимация турасында әңгімелескен болатынбыз.

– Мамандығым бойынша қазақ әдебиеті пәнінің мұғалі-мімін. Шығармашылыққа әуестігім қай кезде оянғанын білмеймін. Сурет салу бала кезден хоббиім болатын. Реті келсе осы салада өзімді сынап көргім келетін. Анимация сөзі «жандандыру, жан бітіру» деген мағына береді. Суретке жан бітіру ғажап емес пе? Киноның мүмкіндігі аяқталған сәтте көмекке анимация келеді. Ол маған осындай шексіз мүмкіндігімен ұнайды. Бұл саладағы еңбек жолым «AnyzFilm» киностудиясында басталды. Киностудияда жарық қою жұмысын да атқарамын.

– 2020 жылдың үздік мультхикаясы әрі өз туындыңыз «Ырысты ыдыстар» туралы айтып берсеңіз.

– Киностудияда 3D анимация үйреніп жүргенімде, мультфильмге сценарий жаза бастадым. Қызығушылығым оянып, «Ырысты ыдыстардың» сценарийін жазуды бастап кеттім. Бұл – анимация саласындағы алғашқы баспалдағым. «Ырысты ыдыстар» жобасы ұлттық бірегейлікті сақтау, жаңғырту бағытында болды. Ұлттық ыдыстарды кейіпкерге айналдырамыз дегенде аздап сенімсіздік туындады. Олардың образын жасауда шығармашылық топ үлкен жұмыс атқарды. Нәтижесінде, ұлттық ыдыстарға арналған тұңғыш анимациялық жоба жарық көрді. Менің де мақсатым – жоба арқылы сана түбіндегі ұлттық құндылықтарымыз жайлы кей ақпаратты жаңғырту, балаларға түсіндіру. Бала күнімде көбіне ертегі оқитынмын. Оқыған дүние әркімнің басына түрлі картина-мен жетеді ғой. Ал мен оқыған шығармалардағы оқиға миымда анимацияға айналып жататын.

– Балаларға қандай мульт-хикаяларды көрсетпеген дұрыс?

– Баланы көгілдір экран мен ғаламтор тәрбиелеп жатыр. Кей ата-ананың балаға қарайтын уақыты да жоқ. Бүлдіршіндерге құбыжықтар мен атыс-шабыс, төбелес пен қанға толы мультхикаяларды көрсетпеген жөн шығар. Керісінше, қазіргі отандық туындыларды көрсеткен дұрыс. Отандық туындылар қорында ұлттық салт-дәстүрімізді, тарихымыз бен қазақ батырларын танытатын мультхикаялар көп болмаса да, жеткілікті. Қойнауы сырға толы қазақ даласының тұнып тұрған шексіз тарихын, аңыз әңгімелерін, салт-дәстүрін пайдалана отырып, көрермен көзайымына айналатын туындыларды жарыққа шығаруға болады. Ал ата-аналар танымдық бағыттағы туындыларды көп сұрайды. Әсіресе, қашықтан оқу кезінде балаларды оқытуға көмектесетін дүниелер іздеді. Бұл бағытта орыс және ағылшын тілдеріндегі мультхикаялар өте көп. Біз соларды қазақ тіліне аудару арқылы сұранысты өтеуге тырысып жүрміз. Қазақ анимациясының тынбай қызмет атқарып келе жатқанына 55 жылдан асты. ТМД елдерімен салыстырғанда шүкір дейміз. Алайда, дамыған елдердегі анимациядан артта қалып келеміз, іштей қынжыла-мыз. Мәселе көп. Біріншісі – сапалы білім беретін, жақсы маман дайындайтын оқу орын-дары жоқ. Екінші – қазақы нақыштағы қалыптасқан стиль жоқ. Маман тапшы. Өкінішке қарай, мемлекет тапсырыс берген анимациялық фильмдердің 80 пайызын шетелдік аниматорларға жасатамыз. Мультфильмнің жасалу процесі техникаға тәуелді. Заманауи технологияларды жақсы меңгерген мамандар сұранысқа ие. Көпшіліктің көңілінен шығарлықтай туынды әзірлеу үшін тыңғылықты ойланып, тыңбай әрекет ететін маман керек. Бұндай туындылар үшін бір жылға жуық уақыт кетеді. Анимацияға білімді әрі табанды мамандар керек.

– Бүлдіршіндер «Дисней» студиясының туындыларын сүйіп көреді. Отандық өнімді осындай дәрежеге жеткізу үшін қалай әрекет ету керек? Сіздің ойыңыз...

– Отандық анимацияны шетелдік Disney, Netflix, Dream works, Pixar, Blue sky сияқты анимациялық компаниялардың деңгейіне жеткізу үшін, ең алдымен, қаржылай қолдау болса деймін. Бізде дарынды, осы салада тер төгуді қалайтын адам көп. Отандық анимацияны дамыту үшін шығармашылық қабілет пен техниканың үйлесімі керек. Disney-дің әр туындысына кемінде 180 миллион доллар кетеді. Бізде әзірге бұл мүмкін емес.

Жазира БЕКБОЛАТОВА

1585 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз