Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 16 Мамыр, 2022

Демографиялық ахуал: Еліміздегі халық саны 19 178,8 мың адамды құрады

2022 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 19 178,8 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 419,8 мың (59,5%), ауылдықтар – 7 759 мың адам (40,5%). 2021 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 238,3  мың адамға немесе 1,3% өсті. Бұл туралы kazgazeta.kz Ұлттық статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

     

          * Халық саны туралы деректер 2021 жылғы Халық санағының деректері толық өңделгеннен кейін қайта саналады.

 Халықтың табиғи қозғалысы

2022 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда          (64,3 мың адам) 10,6% кеміп, 57,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 12,13 адамды құрады.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-наурызда туылғандар саны 95,6 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (100,5 мың адам) қарағанда 4,8% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,16 туылғандарды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 38,1 мың адамды құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-наурызға (36,1 мың адам) қарағанда 5,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 8,03 қайтыс болғандарды құрады.

2022 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейін шетінеген 828 нәресте тіркелді. 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (815 шетінеген нәресте) 1,6% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 8,66 оқиғаны құрады.

Халықтың көші-қоны

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 4 108 адамды, елімізден кеткендердің саны 5 281 адамды, көші-қонның айырымы – 1 173 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 86% және 80,8% құрады.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 12,6%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 3 өңірінде байқалды: Нұр-Сұлтан (7 523 адам), Алматы (8 278 адам) және Шымкент (866 адам) қалаларында.

 

1711 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз