Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Мамыр, 2022

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін 5 мың км суасты кабелі байланыстыратын болады

2024 жылға қарай Қытайды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланыстыратын ұзындығы 5 мың шақырымдық суасты кабельдер жүйесі пайдалануға берілмек. Бұл туралы мегажоба серіктестерінің бірі болған қытайлық CMI телекоммуникация компаниясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

SEA-H2X деп аталатын суасты кабельдік жүйесі Гонконг, Хайнань, Филиппин, Таиланд, Малайзия және Сингапурды өзара байланыстырып, болашақта Вьетнам, Камбоджа және Индонезияға дейін жеткізілмек. Өткізу қабілеті 160 терабит/сек болатын 8 жұп оптикалық талшықтан тұратын кабельдің ұзындығы 5000 км болады.

Жоспарға сәйкес, инфрақұрылым 2024 жылға қарай пайдалануға дайын болуы тиіс.

Жобаның тағы бір серіктесі — CUG телекоммуникациялық компаниясының мәлімдемесінде суасты кабелінің цифрлық дәуірде сенімді, қауіпсіз және қолжетімді жаһандық желілік қосылымдарды құру үшін өте қажет екені, SEA-H2X аймақта қуаты жоғары, маңызды жүйе ретінде Гонконг АЭА, Хайнань ЕЭА және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты одан әрі жақсартып, үздіксіз сауда, байланыс және қаржылық интеграцияға ықпал ететіні айтылған.

 

645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз