Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 17 Мамыр, 2022

Ақтауда жоғалған сарбаз табылды

Ақтауда жоғалып кеткен сарбаз үш күннен кейін табылды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 17 мамыр күні сағат 07.15 шамасында 6656-әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Бағлан Әділбеков Ақтау қаласындағы полиция тірек пунктіне өзі келген.

«Бұдан бұрын қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 14 мамыр күні патрульдік күзет аяқталғаннан кейін әскери бөлімге келмей, өздігімен белгісіз бағытта кетіп қалған. Сарбаз ата-анасымен кездесті. Қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың жоғалып кеткенін жазған болатынбыз.

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы әскерге шақырылған.

615 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз