Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Мамыр, 2022

Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық Александр Недовесов Лион (Франция) ATP 250 турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық теннисші пәкістандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге бастапқы кездесуін франциялықтар Юго Бланше – Альбано Оливеттимен өткізді. Тартысты өткен матчта қазақстандық-пәкістандық жұп 7:6 (7:5), 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Куреши 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қазақстан-Пәкістан жұбы жартылай финалға шығу үшін осы доданың 3-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенмен кездеседі.

 

164 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *