Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Мамыр, 2022

Президент «Ардагерлер ұйымы» РҚБ төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

Президент «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды  Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмысы мен алдағы жоспары туралы айтылды.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестік жанынан жалпыұлттық референдум өткізуді қолдау жөніндегі штаб құрылған. Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, штабтың жұмысы екі бағытта жүргізіліп жатыр. Бірінші, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-мағынасын түсіндіру. Екінші бағыт референдумға белсенді түрде қатысу мәселесін қамтиды.

Сонымен қатар ертең, 20 мамыр күні өтетін «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс съезінің күн тәртібі туралы баяндалды.

Кездесуде «Ардагерлер ұйымын» дамыту туралы бірнеше ұсынысқа Президент қолдау білдіріп, тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма беретінін айтты.

58 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *