Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 19 Мамыр, 2022

Оралда түрмеге 38 ұялы телефон алып өтпек болған жүргізуші ұсталды

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, телефондарды алып өту оқиғасы 18 мамыр күні қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мекеменің жедел қызметкерлеріне түрме аумағына тыйым салынған заттарды алып өтуге дайындық жүріп жатқаны жөнінде ақпарат түскен. «Б» жеке мекемесінің «Т» есімді жүргізушісінің автокөлігін тексеру барысында ауа компрессоры баллонынан 38 ұялы телефон табылған. Оның 30-ы – смартфон. Сондай-ақ, 42 қуаттау құрылғысы, 10 сымсыз және 3 сымды құлаққап шыққан» , - деді РУ-170/3 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Магнис Сабыров.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, тыйым салынған заттарды тәркілеу актісі түзілді. Қазір аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда түрмедегі төбелеске байланысты 12 қызметкердің жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.


 

428 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз