Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2022

Тоқаев Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға алаяқтармен күресті күшейтуді тапсырды.

«Қазір құқық қорғау органдарының жұмысына сыни пікір көп айтылатынын білемін. Тәртіп орнату кезінде үйреншікті тәсілге салу салдарынан парасатты бизнеске кесірі тиетін кездер болуы мүмкін. Сондықтан ашық түрде мәлімдеймін: «таудан сел жүрсе, етектегі тасты ала кетеді» деген тәмсілге салуға жол жоқ», - деді Мемлекет басшысы кәсіпкерлермен кездесуде.

Оның айтуынша, осындай фактілер болса, әр іс бойынша арнайы тексеру шаралары жүреді, білікті баға беріледі.

«2019 жылы өз Жолдауымда бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру - мемлекет мүддесіне қайшы қылмыс ретінде қаралуы керектігін айтқанмын. Бұл - Бас прокуратураның жұмысы. Күрес алаяқтармен жүруі керек. Қайталап айтамын, алаяқтармен, аферистермен күресу керек. Бірақ «дәрі деп бергені удан бетер болуына» жол беруге болмайды», - деді Президент.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр.

Қазақпарат

363 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз