Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2022

Лауазымдарды қайта бөліске салуға жол берілмейді - Президент

Кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Түптеп келгенде, келешегіміз экономиканың мықты болуына байланысты. Осы орайда, кәсіпкерлеріміз мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлығына бірдей әділ қызмет ету үшін ашық экономиканы қалыптастыру саясатын жалғастыратынын қадап айтты. Бұл тұрғыда Президент «майшелпек» орындар мен лауазымдарды қайта бөліске салу деген болмайтынын және оған жол берілмейтінін атап өтті.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесіп жатыр.

 

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз