Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Мамыр, 2022

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде күн күркірейді. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысын шаңды дауыл басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні - 15-20, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді.

Көкшетау қаласында күндіз кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15 м/с-қа жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе қаласында күндіз күн күркірейді.

Түнде Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында , күндіз басым бөлігінде күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде желдің екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз кей уақыттарда найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. ШҚО Жарма ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында желдің екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында күндіз күн күркірейді.

Қостанай облысының орталығында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында желдің екпіні – 23-28 м/с. Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігін шаңды дауыл басады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың орталығында, Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Ақтау қаласында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласын күндіз шаңды дауыл басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысында батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында күндіз батыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз екпіні – 23-28 м/с. Петропавл қаласында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші –15-20 м/с, күндіз екпіні – 23-28 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні –15-20 м/с.

Фото: Досжан Балабекұлы

328 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз