Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Мамыр, 2022

Арнайы экономикалық аймақтардағы кейбір салалар қысқартылады

Арнайы экономикалық аймақтардағы бейінді емес салалар қысқартылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты.

«Арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың тиісті қадамдарын жоспарладық. Біріншіден, бейінді емес бағыттарды қысқартамыз, яғни денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, құрылыс секілді бағыттар қамтылады. Құрылыс индустриясына ары қарай жеңілдіктер қажет емес екенін назарға алып отырмыз. Жалпы, инфрақұрылым бағытындағы жұмыстар 66 пайызға аяқталған. Инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген аумақтарды АЭА құрамынан шығарамыз. Осы орайда жоба-сметалық құжаттамасы бар аумақтарда басталған инфрақұрылымды аяқтауға екпін қоямыз», -деді М. Қарабаев Сенатта өткен дөңгелек үстел отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, екі жылда Қазақстанда Арнайы экономикалық аймақтар бюджетке 170,2 млрд теңге түсірді.

Сонымен қатар АЭА-ларға жеңілдік жасау тетіктері өзгереді. Осы орайда мемлекет тарапынан қолдау іс-шараларын ұсыну бойынша сараланған қадамдар ескеріледі.

Фото: Досжан Балабекұлы

63 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *