Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Мамыр, 2022

Бизнеске қысым көрсету деректері Бас прокурордың қадағалауында болуы тиіс - Президент

Бизнеске қысым жасаудың әрбір дерегі Бас прокурордың қадағалауында болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Президент бизнеске қысым көрсету факторларын анықтау мен әрекет етудің тиімдірек жүйесін құру керек екенін айта келе: «Жоғарғы сот кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істерге қайта-қайта шолу жасап отыру тиіс», -деді. Осы орайда Мемлекет басшысы ұсыныстарды тіркеу, жүйелендіру, талдау мен даярлауды ретке келтіруді тапсырды. Қажет болғанда ұсыныстар жедел түрде нормативтік-құқықтық актілерге рәсімделуі керек. Бұл жұмысқа бизнес-қоғамдастықты белсенді түрде тарту қажет.

«Рейдерліктің немесе құқық қорғау органдары тарапынан негізсіз қысым көрсетудің анықталған әрбір фактісі Бас прокурордың жеке қадағалауында болуы тиіс. Осы тектес істерді соңына дейін жеткізу талап етіледі», - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде кәсіпкерлер мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек екенін айтты.

 

123 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *