Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 19 Мамыр, 2022

«Power Uzbekistan 2022» халықаралық көрмесі өтіп жатыр

18-20 мамырда Ташкентте «Энергетика, Энергия үнемдеу, Атом энергетикасы, Өзбекстанның баламалы энергия көздері – Power Uzbekistan 2022» тақырыбында мерейтойлық халықаралық көрме өтіп жатыр. Көрме жұмысына «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов, Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті талдау орталығының директоры Олжас Қабденов қатысуда, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Көрменің басты артықшылығы – қатысушылардың бірегей құрамы және жаңа әзірлемелер мен озық технологияларды енгізудің маңызды құралы ретіндегі практикалық құндылығы.

Шара аясында Қазақстаннан барған делегаттар Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесті. Қатысушылар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасып, екі тарап өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

Айта кетерлігі, аталған іс-шарамен қатар «Өзбекстанның Мұнай және газы – OGU 2022» халықаралық көрмесі өтуде. Бұл мұнай-газ индустриясы мамандарының қатысуымен өтетін жыл сайынғы ірі оқиға.

397 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз