Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Мамыр, 2022

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті

​​Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті-, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. 

Бейнеконференция байланысы режиміндегі отырысқа Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Үкіметінің басшысы Роман Головченко, Қырғызстан Үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаров, Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин, Тәжікстан Үкіметінің басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Үкіметінің басшысы Абдулла Арипов, сондай-ақ Армения вице-премьері Мгер Григорян, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Мухамметгулы Мухаммедов және ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев қатысты.

 Әлихан Смайылов Қазақстанның төрағалық ету аясындағы басым міндеттерінің бірі өзара сауда көлемін ұлғайту және оны әртараптандыру екенін атап өтті.

Азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешу үшін Әлихан Смайылов кезең-кезеңімен кешенді экономикалық ұйымдастыру шараларын іске асыруға, атап айтқанда:

— аграрлық нарықтарда, оның ішінде бірлескен азық-түлік теңгерімін әзірлеу және жүргізу арқылы негізсіз мемлекетаралық бәсекелестікті төмендетуге;

— ауыл шаруашылығында инвестициялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекетаралық бірлестіктерді немесе бірлескен кәсіпорындарды құруға;

— өтпелі тауар өткізу жүйесін дамытуға шақырды.

Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы 2022 жылғы қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.


 

668 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз