Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 21 Мамыр, 2022

Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастықты нығайта береді - министр

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Вашингтонға сапарының екінші күні АҚШ Мемлекеттік департаментінде Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенмен екіжақты келіссөздерден басталды. Тараптар өзара түсіністік пен ашық диалог рухында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Министр М.Тілеуберді көпвекторлы сыртқы саясат аясында Қазақстан АҚШ-пен ынтымақтастықты нығайта беретінін атап өтті.

«Дипломатиялық қатынастардың 30 жылы ішінде біздің екіжақты өзара ынтымақтастығымыз кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жоғарылады», - деп атап өтті Министр.

Өз кезегінде Э.Блинкен «біздің серіктестік қарым-қатынасымыз АҚШ тарапынан Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығына мызғымас бейілділігіне негізделген» деп атап өтті.

ҚР СІМ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша жүргізіп жатқан түбегейлі өзгерістер және Конституцияға түзетулер енгізу жөніндегі алдағы жалпыұлттық референдум туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстандағы демократиялық өзгерістерді құптап, Вашингтонның саяси және экономикалық реформаларды іс жүзінде іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді.

Халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасылды, оның шеңберінде тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниетін растады.

Сол күні ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Дэвид Туркпен келіссөздер жүргізді. М.Тілеуберді Қазақстан АҚШ-тың энергетика және ядролық қаруды таратпау саласында сенімді әріптесі екенін жеткізді.

Энергияның таза көздері мен нөлдік шығарындылары бар экономиканың өсіп келе жатқан маңызы жағдайында Қазақстан экономиканы декарбонизациялау мен төмен көміртекті технологияларды енгізуге назар аудара отырып, өзінің экономикалық басымдықтарын климаттық күн тәртібіне сәйкес келтіреді.

Сапар шеңберінде М.Тілеуберді беделді «ой-талқы орталықтарының» басшылары – «Center for Strategic and International Studies» президенті Джон Хамре мен «Central Asia Caucasus Institute» төрағасы Фредерик Старрмен кездесулер өткізіп, олардың барысында Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты.

 

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз