Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Мамыр, 2022

Әлихан Смайылов «Росатом» басшысы Алексей Лихачевпен кездесті

Ресей тарапы Қазақстанның уран өндіру саласына инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Қазақстанға жұмыс сапарымен келген «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесуі барысында мәлім болды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастық, соның ішінде уран өндіру жобалары бойынша өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Ресей тарапының екі елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту мақсатында Қазақстанның уран өндіру саласына бұдан арықарай да инвестиция салуға мүдделі екені аталып өтті.

Сонымен қатар, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов пен Алексей Лихачев қолданыстағы жобаларды табысты жүзеге асыру үшін өзара іс-қимылды тығыз жалғастыруға және тиімді серіктестіктің жаңа бағыттарын талқылауға дайын екендіктерін растады.

817 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз