Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Мамыр, 2022

Өскеменде Балалар жылына орай IT-фестиваль өтті

Өскемен қаласында биылғы Балалар жылына орай оқушылар мен студенттер арасында IT-фестиваль өтті.

«New generation» деп аталатын фестивальде облыстың түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары мен колледж, университет студенттері қатысты. Білім саласындағы ауқымды ІТ-көрмеде балалар мен жастар өз жобаларын көрсетіп, ой-пікір, тәжірибе алмасты.

"Соңғы бірнеше жылда біз фестивальді қашықтан өткізіп келеміз. Бүгін офлайн режимінде ұйымдастыруды ұйғадық. Бұл тәжірибе алмасуға, балаларға пікірлестер табуға және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін ашық алаң. Коронавирус пандемиясының екі жылға созылғанына қарамастан, балалар бір орында отырмады, олар жобалық іс-шаралармен айналысты. Жаңа секциялар көп, сондай секцияның бірі – Шығыс Қазақстан облысы әкімі грантының лауреаттары", – деп бөлісті фестиваль жайлы Шығыс Қазақстан облыстық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Сергей Коваленко.

Қатысушылар 6 бағыт бойынша өз жұмыстарын ұсынды, атап айтқанда «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup-жобалар», «Robotime», «ClusterPro». Олардың ішінде қауіпсіздікті ұйымдастыруға, ойын ойнауға, оқытуға қатысты жоба жасағандар болды.

«Бүгін фестивальде өз жобамызды – антисептик шашатын роботты ұсынып отырмыз. Ол датчик арқылы жұмыс істейді, қазақ тілінде еркін сөйлейді және коронавирус инфекциясының алдын алу туралы нұсқаулар береді. Қазір бұл роботты мектебімізге орнатып қойдық», - дейді О.Бөкей атындағы №44 лицей-мектебінің оқушылары Ділназ Нәбиолда және Дияс Ермұханбетов.

Фестиваль қорытындысы бойынша тәуелсіз сарапшылар үздік IT жобаларды анықтады, ал «Көрермендер көзайымы» жүлдесі көрмеге келушілердің онлайн-дауыс беруі арқылы анықталды.

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев үздік IT-жоба конкурсының жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтардың сертификаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Үздік IT-жоба байқауының жеңімпаздары:

Гран-при – «Ақылды инкубатор» жобасы, «Қарабұты орта мектебі» КММ оқушысы Рамазанов Ернұр. Жүлде – квадрокоптер.

Бірінші орын – «Ровер моделі»  жобасы, Семей қ., «№ 9 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ оқушысы Ельцов Данил. Жүлде – моноблок.

Екінші орын – «Виртуалды шынайылық технологияларын қолдана отырып, өнеркәсіптік жабдықтарды модельдеу» жобасы. Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері Жұмабек Еламан, Гольштейн Эдуард, Молдақанов Мадияр. Жүлде – теледидар.

Үшінші орын – «Жидебай 3D модель» жобасы, ШҚО ББ «Абай атындағы орта мектеп-гимназия» КММ оқушылары Ғабиденұлы Әділжан, Мұқаметқали Азамат. Жүлде – ноутбук.

Көрермендер көзайымы жүлдесін  «Антисептикті бүркуге арналған Робот» жобасы жеңіп алды, жоба авторлары Өскемен қ., «Оралхан Бөкей атындағы №44 Лицей» КММ оқушылары Нәбиолда Дильназ, Ермұханбетов Дияс. Жүлде ­– графикалық планшет.

Фестиваль барысында ғылыми ойын-сауық алаңы ұсынылды. Мұнда келушілер заманауи технологиялар саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік алды.

512 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз