Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Мамыр, 2022

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстанға келеді

Осы аптада Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу келеді, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметі.

АҚШ-тың аймақпен қарым-қатынасын нығайту және Орталық Азиямен неғұрлым тығыз байланыс орнату үшін 23-27 мамыр күндері Лу бастаған делегация Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға сапар жасайды деп күтілуде.

АҚШ делегациясы Қазақстандағы реформалардың күн тәртібін, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдер құқығын кеңейтуді талқылау мақсатында жоғары лауазымды тұлғалармен және азаматтық қоғам жетекшілерімен кездеседі.

АҚШ Мемлекеттік департаменті делегациясының құрамына Ресей және Орталық Азия бойынша Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Эрик Грин, АҚШ Қорғаныс министрнінің Ауғанстан, Пәкістан және Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Ребекка Циммерман, Халықаралық даму агенттігінің Азия бюросы әкімшісі көмекшісінің орынбасары Анджали Каур және АҚШ қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі аппарат басшысының орынбасары Наз Әл-Хатиб кіреді.

403 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз