Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 23 Мамыр, 2022

Жетістікке жету үшін тәуекелшіл бол

Nike брендінің негізін қалаушы Фил Найт батыл, ерік-жігері мықты тұлға. Ол жас кезінен білімге құмар, ізденімпаздығымен ерекшеленген жан. Журналистика мамандығында оқыған Фил Найт студент кезінде спортпен шұғылданған. Жүгіруге жақындығын  байқаған бапкері Билл Боуэрман ерекше назар аударып, қолдап жүреді.

Университеттен соң аспирантураның экономика мамандығына түсіп, түрлі  семинарларға қатысады. Бірде Жапонияда тігілген сплрттық аяқ киім фирмасының даму стратегиясын жасап, бизнес-жоспарын ұсынады. Сол күннен бастап Nike бренді туралы идеясын іске асыру қадамы басталған еді.

Фил Найт алдымен əкесінің талабымен бухгалтерлік фирмада еңбек етіп, Стэнфордта дəріс оқиды. Жапонияға сапарлатып, ол жақтағы арзан аяқ киімдерді көріп, таңданысын жасыра алмайды. Жапондықтар үшін сапа бірінші орында тұратын. Абырой мен тұтынушы алдындағы жауапкершіліктері тіпті таңдай қағарлықтай еді. Фил осы сапарынан соң АҚШ-қа оралып, баяғы жаттықтырушысы Билл Боуэрман жəне атлетик досф Ддеф Джонсон үшеуі  Blue Ribbon Sports деген атпен спорттық тауарлар сата бастайды. Бірақ бұл бизнесі сəтсіз болады.

1971 жылы əкесінің қалауымен жұмыс істеп жүрген бухгалтерлік мекемедегі жұмысын тастап, бар уақытын аяқ киім бизнесіне арнауды жөн көреді. Бұл бастамасы өте табысты болады.

Енді бизнесін қарапайым жолмен бастаған  Фил Найтты əлемге əйгілі еткен, бас айналдырар табыстарға жеткізген қандай қасиеттері мен ұстанымдары еді?!

1. Өмір - бұл өсу. Сіз жəй ғана өсесіз не өшесіз.

2. Жаңадан өзің тарих жаса немесе сол тарихтың бір бөлшегі бол.

3. Сіздің мақсатыңыз не? Жеңіс пе? Онда кез келген жолмен жеңіске жет. Жеңіссіз біз ешкім емеспіз.

4. Тек жеңу үшін емес, жеңіліске ұшырамас  үшін күрес.

5.Бойыңыздағы талантыңызды өшіріп алмау үшін тəуекел етуден қорықпаңыз.

6. Сіздің идеяңызды іске алғысыз етіп тастаса да, алға қарай жүруді тоқтатпаңыз. Қандай жағдайда да тоқтамаңыз. Əлемді өзгерткен тосын идеялар.

7.Тоқтамаңыз. Мақсатыңызға жетпей орта жолда тоқтауды ойламаңыз. 

8.Өз қалауыңызды орындаңыз. Сол кезде шаршауыңыздың өзі рахат шаршау болып сезілері сөзсіз. Ал көңіл қалатын тұстар сізді күйретпейді, керісінше алға ұмтылдырады. 

9.Батыл армандай біл. Құлаудан қорықпа. Тоқтаусыз әрекет ет. 

10.Ұсақ-түйек сәтсіздіктерге мән берме. Айтпақшы, өмірде кездесетін кез келген сәтсіздік мән беруге тұрмайтын болмашы мәселелер екенін естен шығарма. 

2234 рет

көрсетілді

55

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз