Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Мамыр, 2022

Қызылорда облысының екі ауданында 9 ғимараттың шатырын жел ұшырып кетті

Өткен сенбіде Қызылорда облысы аумағында қатты жел, шаңды дауыл соғып, ауа райы қолайсыздығынан Жаңақорған және Шиелі аудандарында табиғи төтенше жағдайлар тіркелді.

Желдің жылдамдығы 24-22 метр секунд болған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев мәлімдеді.

«Жаңақорған ауданы бойынша 2 ғимараттың шатыры құлады. Ол Бесарық ауылындағы ауылдық клубы және Төменарық ауылындағы нысан. Ал, Шиелі ауданы бойынша 7 ғимараттың шатыры жарамсыз қалды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда ЖАО комиссия жұмыс жасауда», - деді Саид Шазындаұлы.

446 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз