Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Мамыр, 2022

Атырау прокуратурасы VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандарды анықтады

Атырау қаласының прокуратурасы VIP нөмірлерді жалған түбіртекпен сатып алғандарды анықтады, - деп хабарлайлы ведомоствоның баспасөз қызметі.

"Жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алу кезінде жалған түбіртектерді пайдаланып, мемлекет пайдасына залал келтірген.

Сатып алынған нөмірлердің сомасын тексеру барысында 5 млиллион теңгеден астам қаражат бюджетке түспегендігі белгілі болды. Яғни, VIP нөмір сатып алғандар төлем жасарда жалған түбіректер қолданған", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қала прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен және 345-бабының 3-бөлігімен соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз