Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 24 Мамыр, 2022

Биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар

Биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұған былтыр қараша айынан абстап қолға алынған шаралар мен қолайлы климаттық ажғдай мүмкіндік туғызы тұр.

«Шардара су қоймасына вегетация кезеңіндегі ағын 3,9 млрд текше метрді құрауға тиіс. Бұл вегетация кезеңін шығынсыз өтуге мүмкіндік береді. Шу және Талас өзендерінің бассейнін сумен қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақты. Шу-Талас су шарушылығы комиссиясының ХХХ отырысында мемлектаралық каналдар бойынша Талас өзенінің бассейні арқылы 500 млн, Шу өзеніенің бассейні арқылы 220 млн текше метр су беру кестесіне қол қойылды. Сондай-ақ, гидрологиялық болжамдардың негізінде Сырдария трансшекаралық өзенінің бассейнінде күрделі су шаруашылығы жағдайы түзілген. Бірақ қабылданған іс-шаралар және қолайлы климаттық жағдайдың арқасында ахуал тұрақтанды. Осылайша Шардара су қоймасына келетін су көлемі 2,5 есе ұлғайды», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, бұл Шарадара су қоймасының 5 млрд текше метрге дейін толтыруға және осы кезде Көксарай қарымта реттегішіне 822 млн текше метрге дейін су жинауға мүмкіндік берген.

«Аталған кезеңде Шардара су қоймасына шамамен 1,5 млрд текше метр су келіп түсті. Осылайша вегетацияның басталар алдында Сырдария өзенінің арнасын толтыру, суармалы алқаптарды ылғалдандыру, көл жүйелері мен шабындық жерлерді суландыру жүзеге асты», - деді Серікқали Брекешев.

Айта кетейік, өткен айдың басында Шардара су қоймасында мөңке және сазан балықтар қырылды.

548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз