- Аймақ тынысы
- 24 Мамыр, 2022
Шымкентте өртенген ғимараттан мәйіт табылды

Шымкентте өртенген ғимараттан мәйіт табылды. Марқұмның денесі толықтай жанып кеткендіктен, тұлғасын анықтау мүмкін болмаған.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түнгі сағат 21:45-те Тәуке хан даңғылы бойындағы ғимараттардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер бос тұрған екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында ағаш жабындысы отқа оранғанын анықтаған. Жалын 200 шаршы метр аумақты шарпып кеткен.
«Ғимараттың бірінші қабатындағы өрт 22.17-де оқшауланып, 22.27-де толық сөндірілді. Өртті сөндіру кезінде табылған мәйіттің жеке басы анықталу үстінде. Өрттің шығу себебін Шымкент полициясы анықтап жатыр», - делінген хабарламада.

285 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *