- Құмсағат
- 24 Мамыр, 2022
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Уимблдонда өнер көрсетеді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова америкалық Ваня Кингпен бірге Уимблдон турнирі аясында өтетін Ladies lnvitational Doubles жарысына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталмыш додада өз спорттық жолын аяқтаған ойыншылар өнер көрсетеді. «Мен өте қуаныштымын. Ұлыбританияда Ванямен кездесуді асыға күтемін. Енді лайықты өнер көрсету үшін мықтап жаттығу керек», деді Я.Шведова. 2010 жылы Ярослава мен Ваня «Үлкен дулыға» турнирінің бірі, бай тарихы бар Уимблдон жарысында жеңімпаз атанған еді. Финалда олар ресейліктер Елена Веснина - Вера Звонареваны ұтқан болатын - 7:6, 6:2.

236 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *