Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 24 Мамыр, 2022

Головкин Канелоға қарсы жекпе-жегін ресми түрде жариялады

Орта салмақ санатындағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

«Ресми. 17 қыркүйекте кездескенше», - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.

Еске салайық, 2017 жылдың қыркүйегінде Головкин мен «Канело» кездесуі тең аяқталды.

Бір жылдан кейін, яғни 2018 жылдың қыркүйегінде С.Альварес төрешілер шешімімен Қазақстан спортшысын жеңді.

Бірер күн бұрын мексикалық боксшы да Геннадиймен үшінші айқас өткізетінін ресми мәлімдеген еді.

«Жақын күндері біз жекпе-жек туралы хабарлайтын боламыз. Әрине, Головкинге қарсы жекпе-жек келісілгендей, қыркүйек айында өтеді. Сонымен қатар сәл кейін Биволмен де реванш өткіземін», - деген болатын «Канело» баспасөз мәслихатында.

493 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз