Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 25 Мамыр, 2022

Қостанайда астыртын жұмыс істеген покер клубының қызметі әшкере болды

Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінде астыртын жұмыс істеген покер клубының қызметі әшкере болды.

Заңсыз деректі Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері анықтаған.

«Рұқсат етілмеген ойын мекемесін тексеру кезінде табылған заттай айғақтар, атап айтқанда «Покер» ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сот үкімі негізінде жойылды. Сонымен қатар астыртын жұмыс істеген покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары Қылмыстық кодекстің 307-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп жазды ведомстводан.

338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз