Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Мамыр, 2022

Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды - Ақмәди Сарбасов

 Қазақстанда жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жеткізді.

Өзбекстанда өтіп жатқан халықаралық конференциясыда бірінші вице-министр Қазақстанда кәсіптік стандарттарды әзірлеу жалғасатынын, біліктілікті тану орталықтары арқылы машықтарды сертификаттау жүргізілетінін атап өткен. Бұдан басқа, «Кәсіптік біліктілік туралы» заңды әзірлеу және Ұлттық біліктілік органын құру бойынша шаралар жалғасып жатыр.

«Электрондық еңбек биржасы базасында Жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық экожүйесі, басқаша айтқанда, халыққа арналған жұмыспен қамту қызметтерінің онлайн супермаркеті құрылды. Бұл экожүйе азаматтарды қызмет таңдаудан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге дейінгі кәсіби жолда сүйемелдейді», – деді ол.

Экожүйе бірнеше элементтерден тұрады: Enbek.kz жұмысқа орналастыру жөніндегі бірыңғай цифрлық алаңы, Skills Enbek онлайн оқыту платформасы, Business Enbek және HR Enbek платформалары, сондай-ақ кәсіптер бойынша жоспарланған Цифрлық нұсқаулық.

389 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз