- Құмсағат
- 25 Мамыр, 2022
Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Есдәулетов келді. Сондай-ақ, Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті.
Айта кетерлігі, Батырбек Есдәулетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.

137 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *