Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Мамыр, 2022

Әскери қызметшілер Сағадат Нұрмағамбетовтің туған жеріндегі ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Қарулы күштерде Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 98 жыл толуына арналған еске алу шаралары өтті.

Аты аңызға айналған қолбасшының туған жері Ақкөл қаласында өткен еске алу шарасына Қарулы күштердің ардагері Халық Қаһарманы отставкадағы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Серік Борамбаев, аудан әкімі Юрий Курушин, сондай-ақ батырдың немересі – запастағы подполковник Келден Нұрмағамбетов қатысты. Қазақтың даңқты қолбасшысын еске алуға Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері, әскери колледждің, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының, мамандандырылған сыныптардың тәрбиеленушілері, қоғам мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері келді.

– Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов Отанын сүйген, өз ісінің нағыз маманы, әскери борышқа адал тұлғаның үлгісі ретінде жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі – Қарулы күштердің қалыптасуына орасан зор үлес қосты. Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылды, - деді генерал-майор Серік Борамбаев.

Шара соңында Ақкөл қаласындағы алаңда Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің концерті өтті.

Батырдың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою бірқатар гарнизондарда, оның ішінде Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында, астанадағы әскери колледжде, сондай-ақ Гвардейск гарнизонындағы «Сағадат саябағында» өтті.

108 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *